ШҚО-да полиция, прокуратура және ұялы байланыс операторлары киберқылмысқа қарсы күресте күш біріктіріп, меморандумға қол қойды

ШҚО-да полиция, прокуратура және ұялы байланыс операторлары киберқылмысқа қарсы күресте күш біріктіріп, меморандумға қол қойды

ШҚО-да цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам жасалды: облыс прокуратурасы, Полиция департаменті және «Tele2/Altel» мобильді операторы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойып, әріптестік қарым-қатынасты ресми түрде бекітті.

– Кездесу барысында киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар цифрлық алаяқтық әрекеттердің жолын барынша жедел кесуге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі талқылады.

Полиция, қадағалау органы және жеке сектордың тікелей байланыс орнатуы заманауи технологиялық сын-қатерлерге қарсы әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Мұндай «цифрлық қалқанның» құрылуы Шығыс Қазақстан тұрғындарының виртуалды кеңістіктегі қорғаныс деңгейін арттыруға бағытталған, - деді ШҚО Полиция департаментінде.