
ШҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы өңірдегі көлік жолдарының жағдайына кешенді тексеру жүргізуде. Тексеру жұмыстары «ҚАЖсервис» ЖШС және «ОблШығысЖол» ЖШС жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырыдуда.
– Көктемгі тексеру барысында мамандар республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарды қарайды. Жол белгілерінің техникалық жай-күйіне, олардың болуына, белгіленген талаптарға сәйкестігіне және жол қозғалысына қатысушыларға көрінуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар қыс мезгілінен кейін пайда болған қауіпті ақауларды анықтау мақсатында жол төсемі тексерілуде. Бұдан бөлек, жол таңбаларының, қоршау бөгеттерінің және жол жиектерінің жай-күйі бағалануда. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі кезеңде жолдардағы қауіпсіздікке әсер ететін кемшіліктерді дер кезінде жою, - деді ШҚО Полиция департаментінде.
Тексеру қорытындысы бойынша жол иелеріне және қызмет көрсетуші ұйымдарға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетілген міндетті нұсқамалар беріледі. Сондай-ақ тиісті талаптарды орындамаған жол қызметтеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.