ШҚО-да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

28 сәуірде «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1, 5-тармақтарына және 11-бабы 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:

- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

- «2026 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

- «2026 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI «Шығыс Қазақстан облысында жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы.

Сонымен қатар «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына және Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушының мемлекеттік органның 2025 жылғы жұмысының қорытындысы туралы есебі тыңдалды.