ШҚО-да жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдан талқылап, ұсыныстар енгізді

ШҚО-да жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдан талқылап, ұсыныстар енгізді

Өскеменде жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Жиын барысында бизнес және қоғам өкілдері ашықтықты арттыру мен кәсіпкерлерді қорғаудың нақты тетіктерін ұсынды.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, жастар ұйымдарының, азаматтық сектордың және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шара Мемлекет басшысы жанындағы тиісті комиссияның тапсырмасы аясында әзірленіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырылды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жаңғырханова өз сөзінде мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді күшейту және инвесторларды қорғау қажеттігіне ерекше тоқталды.

«Мемлекеттік сатып алу шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелерді міндетті түрде енгізуді заңнамалық тұрғыда бекіту қажет», – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай ережелер тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі қатаң міндеттемелерін, заңсыз сыйақыларды алу мен беруге тыйым салуды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына итермелеу фактілері туралы хабарлау міндетін қамтуы тиіс.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығын бекіту және айыппұл санкцияларын қолдану ұсынылды. Ал тәсілдерді біріздендіру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпенің үлгілік нысанын бекіту қажеттігі айтылды.

Инвесторлардың мүдделерін қорғау бойынша құқықтық кепілдіктерді күшейту, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды болдырмау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ету, бизнес шағымдарын жедел қарау, әкімшілік кедергілер жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру ұсынылды.

ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінде атап өткендей, барлық бастама жинақталып, әрі қарай қарау үшін агенттіктің орталық аппаратына жолданады.