Риддерде 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Риддерде 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Бүгін Риддер қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

Осы күні шаһарда 20 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл Риддер қаласын көгалдандыру мен экологиялық ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам болды.

Акцияға еңбек ұжымдары, жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Барлығы бірлесіп аумақтарды тазалап, аулалар мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Соның нәтижесінде қала бұрынғыдан да таза, көрікті әрі жайлы бола түсті.

Осындай игі бастамалар бірлескен күш-жігердің нақты нәтижеге жеткізетінін және туған өлкені жас ұрпақ үшін көркейте түсудің маңызын айқын көрсетеді.

#ТазаҚазақстан #тазаел #экология #TazaChallenge #ТазаОрта #ТазаАула @TazaQazaqstan