
Шығыс Қазақстан облысының барлық ауданында «Жолдағы қабылдау» республикалцқ акциясының бірінші күні өтті. Жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік және көші-қон полициясының қызметкерлері өңір тұрғындарына жедел режимде құқықтық көмек көрсетуде.
Акцияның алғашқы күнінің өзінде полицейлерге 110-нан астам өтініш түсті. Бүгінгі негізгі алаңдардың бірі – Самар тасжолы, 23 мекенжайы бойынша орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты.
«Жолдағы қабылдау» аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерінің негізгі ережелерін көлік және әкімшілік заңнама нормаларын түсіндіруде.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолдардағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Жүргізушілерге еңбек пен демалыс режимін қатаң сақтау қажеттілігі және рейс алдындағы міндетті медициналық тексеруден өтудің маңызы туралы ескертілді.
Акция жалғасуда. Мұндай ашық диалог форматы азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл қоғамда «Заң мен тәртіп»қағидатын нығайтуға және құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыруға септігін тигізеді.
Дереккөз: ШҚО ПД