ШҚО-да «Нерест» алдын алу шарасы қорытындыланды

ШҚО-да «Нерест» алдын алу шарасы қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Оның мақсаты — балық ресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу, өңірдегі балық қорын сақтау және балықтың көбею кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерін анықтау.

– Шара басталған бес күн ішінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Рейдтік тексерулер барысында заңсыз айналымнан 66 кг балық тәркіленді. Браконьерлік деректерінің ең көп бөлігі келесі аудандарда тіркелді: Күршім ауданында 21 мен 53 жас аралығындағы тұлғаларға қатысты 5 хаттама толтырылса, Ұлан және Марқакөл аудандарында әрқайсысынан 4 құқық бұзушылық анықталды. Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандарына қатысты әкімшілік істер қозғалды, -  деді ШҚо Полиция департаментінде.

ШҚО полициясы бұл бағыттағы жұмыстардың күшейтілген режимде жалғасып жатқанын ескертеді. Тәртіп сақшылары азаматтарды облыс су айдындарының бірегей экожүйесін сақтау мақсатында табиғат қорғау заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.