
Жылу беруді тоқтату туралы шешім ШҚО-да жылыту маусымын өткізу және дайындау Қағидаларына сәйкес, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы тұрақты түрде оң көрсеткішке жетіп, ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды қажет етпейтін деңгей қалыптасқанда қабылданады.
Өтініш бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті), Геологическая көшесі, 1/9 бойынша № 3 қазандық жылу көздерінен қосылған тұтынушыларға төмендетілген гидравликалық параметрлерде жылыту жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі: балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде 25.05.2026 жылға дейін есепке алу аспаптары жоқ болса; 22.05.2026 жылға дейін жылу жүйелерінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға.
Ұзарту бойынша өтініштер заңды тұлғалардан, КТҮ және жеке сектор тұтынушыларынан қабылданады.
Заңды тұлғалардан, КТҮ және жеке сектор тұтынушыларынан жылу беруді ұзартуға өтініштер «Шығыс Жылу» АҚ, Горький к-сі,61, дербес қызмет көрсету орталығы мекенжайы бойынша қабылданады, жұмыс режимі түскі үзіліссіз 08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін, жексенбі-демалыс күні.
Өтініште тұтынушы міндетті түрде қосымша «Төмендетілген гидравликалық параметрлердегі жылу беру жүйесінің жұмысына келісемін» деп жазуы керек. Заңды тұлғалар коммуналдық қызметтер орталығы арқылы да өтініш бере алады.
Сұрақтарды кәсіпорынның @ukts_info Instagram парақшасында қоюға болады.
Дереккөз: «Шығыс Жылу» АҚ