Халық жадында мәңгі сақталады: Мұхтар Шаханов мол шығармашылық мұра қалдырды

Халық жадында мәңгі сақталады: Мұхтар Шаханов мол шығармашылық мұра қалдырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мұхтар Шахановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Мұхтар Шаханов - көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткері, 30-дан астам жыр жинағының авторы. Оның шығармашылығы мен азаматтық ұстанымы елдің рухани өмірінде терең із қалдырды. Ақын өз туындыларында халық тағдыры мен Қазақстанның болашағына қатысты маңызды мәселелерді көтерді.

Тәуелсіздік жылдарында ол қазақ тілінің дамуы мен ұлттық құндылықтарды нығайту жолында белсенді еңбек етті. Жауапты мемлекеттік қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды. Мұхтар Шаханов Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны атақтарына ие болған.

М.Шаханов артына мол рухани мұра қалдырды. Оның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады», - делінген әкімнің көңіл айту жеделхатында.