Қазақстандық шахматшылар әлем чемпиондары атанды

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпиондары атанды

17 сәуірде Сербияның Врнячка-Баня қаласында 8, 10, 12 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында рапид шахматтан Әдем біріншілігі аяқталды. Жарысқа 450-ден астам спортшы қатысты.

Жастар мен кадеттер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар 5 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды!

Әлем чемпиондары атанғандар: Алдияр Ансат, Рамазан Төлеген, Аслан Ендібаев, Эльназ Қалиахмет, Аделина Нұрханқызы.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал екінші орынға Ресей құрамасы табан тіреді. Барлық санат бойынша қазақстандық шахматшылар алғашқы ондыққа енді. Бүгінгі нәтижелерге сәйкес Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы әлемдегі үздік командалардың біріне айналды.

Алда блиц бойынша Әлем  чемпионатының қорытындысы шығады.