
2026 жылы Қазақстанда негізгі туристік аймақтарға көлік қолжетімділігін арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінде хабарлады.
Туризмді дамытуға арналған негізгі жобалардың қатарында «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс» және «Өскемен – Рахман қайнары» бағыттары ерекше маңызға ие. Бұл жобалар Шығыс Қазақстандағы туристік саланың дамуына серпін бермек.
Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар тасжолдарды орташа жөндеу жөніндегі ірі жоба аясында туристік аймақтарға апаратын жол учаскелері жаңартылады. Олардың қатарында «Өскемен – Катонқарағай» бағыты бар.
Сонымен қатар туристік аймақтарға ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік жобалар да іске асырылуда. Жол бойы сервистік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Алакөл жағалауына көлік қолжетімділігін жақсартуға ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта ұзындығы 8,2 шақырымды құрайтын Қабанбай ауылының айналма жолын салу жобасы әзірленді. Бұл елдімекендегі транзиттік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.