
ШҚО-да «Қазақстанның сирекжер металдары: сын-қатерлер, шешімдер және стратегиялар» тақырыбында EKTU RND FORUM 2026 халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді.
Іс-шара Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында ұйымдастырылып, сирекжер және стратегиялық маңызды металдар саласының даму перспективаларын талқылайтын жетекші халықаралық алаңдардың біріне айналады.
Форумға Қазақстаннан және шетелден жетекші ғалымдар, бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар мен салалық сарапшылар қатысады. Қатысушылар геология, тау-кен ісі, металлургия салаларындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ сирекжер ресурстарын өндіру мен өңдеуде инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, EKTU RND FORUM 2026 саланың тұрақты дамуына бағытталған тиімді шешімдер әзірлеуге, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Экологиялық қауіпсіздік, жер қойнауын ұтымды пайдалану және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Форум ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды қадам болып, жаһандық сын-қатерлер жағдайында елдің сирекжер саласын дамытудың стратегиялық бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өтетін күні: 17 сәуір.
Уақыты: 9:00 – 17:30.
Өтетін орны: Өскемен қ.Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ, Серікбаев к. 19, бас ғимараты.