Шығыс Қазақстан облысы орталығында Құрмат Рахимовты соңғы сапарға шығарып салды

Шығыс Қазақстан облысы орталығында Құрмат Рахимовты соңғы сапарға шығарып салды

Бүгін өңір тұрғындары соғыс және еңбек ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимовты соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

– Ұзақ әрі өнегелі ғұмыр кешкен Құрмат Рахимұлы Рахимов ғасыр куәгері атанды. 102 жасқа толуына небәрі екі ай ғана қалған болатын. Оның өмірі — майдан даласынан бейбіт күндегі қоғамдық қызметке дейінгі нағыз офицер мен азаматтың жолы. Соғыс аяқталып, жеңіске қол жеткізген соң Құрмат Рахимұлы Отанға қызмет етуді жалғастырды. Ол әскери училищені тәмамдап, мемлекеттік шекараны күзетті. Кейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Ол қайтпас қайсарлықтың, ұстамдылықтың және асқан жауапкершіліктің үлгісі болды, – деді ШҚО Полиция департаментінде.

Ардагердің жарқын бейнесі шығысқазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.