
Риддерде өткен ауқымды қалалық сенбілікке 1300-ден астам тұрғын қатысып, 5 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Сенбілік барысында ерекше әсерлі сәт болды: тазалық жүргізіп жүрген еріктілерге әже бауырсақ алып шығып, бәріне таратты. Ол «қаланы дамытуға осылай үлес қостым» деп ризашылығын білдірді. Бұл оқиға қатысушылардың көңілін көтеріп, қаланың басты күші – бір-бірін қолдайтын адамдар екендігін тағы бір дәлелдеді.
Шаһар жастар да белсенді түрде қатысып, «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.
Сондай-ақ қаланың футболшылары да шет қалмай, алдымен футбол алаңын тазалап, кейін достық матчын өткізді.