ШҚО әкімдігінде ҚР ӘРПК нормаларын қолдану бойынша семинар-кеңес өтті

ШҚО әкімдігінде ҚР ӘРПК нормаларын қолдану бойынша семинар-кеңес өтті

Құқықтық сауаттылық шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Мерей Асылхановтың төрағалығымен, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Салтанат Жайлыбаева мен Махаббат Магзумованың қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімі аппараттарының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес барысында судьялар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік органдардың әкімшілік актілерді қабылдау кезінде жиі жіберетін қателіктерін атап өтті.

Сонымен қатар рәсімдік талаптарды сақтау, соттың жеке ұйғарымдарына назар аудару және олар бойынша уақтылы шаралар қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Осындай іс-шараларды өткізу әкімшілік рәсімдердің сапасын арттыруға, сот дауларының санын азайтуға және мемлекеттік органдар қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.