Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады

Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады

ШҚО әкімі  Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына жұмыс сапары барысында Зубовск кентіндегі «Алтай» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Жобаның модернизация жөніндегі жетекшісі  Дәурен Сәрсембаевтың  айтуынша, қазір нысанды сыртқы әрлеуге арналған қасбеттік материалдарды жеткізу күтілуде. Оның сөзінше, ішкі жұмыстардың негізгі бөлігі толық аяқталып, қазір қайта жаңғыртудың соңғы кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр.

Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, заманауи әрі жайлы инфрақұрылым қалыптастыруға, ауданның көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Нысанды пайдалануға беру осы жылдың шілде айына жоспарланған. Алдын ала жоспар бойынша пойыздар аптасына үш рет қатынайды, алайда жолаушылардың сұранысына қарай саны артуы мүмкін.