ШҚО ТЖД қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

ШҚО ТЖД қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

– Әр салмақ дәрежесінде спортшылар бірінен соң бірі рингке шығып, тартысты әрі әсерлі жекпе-жек көрсетті. Әрқайсысы жеңіске жетуге ұмтылды. ШҚО ТЖД-ның спортшы қыздары команда намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсетті, - делінген ШҚО ТЖД ақпаратында.

Жеке есепте 58 келі салмақ дәрежесінде Айшагүл  Елеубаева 2-орын, ал Әйгерім  Рахатова 3-орын иеленді.