ШҚО-да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ШҚО-да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды.

Отырыс барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылап, тиісті ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, тексеру комиссиясының мемлекеттік мекеменің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастамалары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының көше-жол желілерін күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыс түрлерінің жіктелуін жетілдіруге қатысты ұсыныстары қаралды.

Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінді. Облыс ауылдарында жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған жоба қаралды.

Сондай-ақ облыс әкімі аппаратының құқық бұзушылықтың алдын алуға тартылған азаматтарды ынталандыру, Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістерге қатысты ұсыныстары талқыланды.

Өңірдегі трансплантацияны дамыту жайы талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

ШҚО Қоғамдық кеңесі жұмыс комитеттерінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.