
Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың 130 жылдығына орай бірінші қабаттағы конференц-зал, қабылдау және консультация аймақтары, кіреберіс бөлімінде демеушілік қолдау есебінен күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Өңір басшысы атап өткендей, маңызды іс-шаралар мен кездесулер өтетін кітапханада келушілер үшін қосымша жағдай жасалған. Енді облыстың басты мәдени орталығында олар үшін анағұрлым жайлы әрі ыңғайлы болады.