ШҚО-да 1-сыныпқа қабылдау 10 маусымда басталады

ШҚО-да 1-сыныпқа қабылдау 10 маусымда басталады

Биыл елімізде балаларды 1-сыныпқа қабылдау тәртібі өзгереді. Шығыс Қазақстан облысында қабылдау науқаны 10 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қажетті құжаттар тізімі өзгеріссіз қалады, тек өтініш қабылдау мерзімдері жаңартылды.Бұл жаңашылдық электрондық үкімет порталы egov.kz-ке түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

«Егер бала мектепалды даярлық сыныбында оқып, сол мектепте білімін жалғастыратын болса, өтініш берудің қажеті жоқ - ол автоматты түрде 1-сыныпқа қабылданады. Ал басқа мектепке ауыстыру жоспарланса, ата-аналар өтініш беруі тиіс», - деді басқарма басшысы.

Қуат Оқасовтың айтуынша, қабылдаудың кезең-кезеңімен жүргізілуі бірнеше жыл бойы талқыланып, биыл ғана алғаш рет іске асырылмақ.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ