ШҚО-да құтқару қызметтері жаңа жабдықтар мен жоғары өтімді көлікке ие болды

ШҚО-да құтқару қызметтері жаңа жабдықтар мен жоғары өтімді көлікке ие болды

Шығыс Қазақстан облысында Апаттар медицинасы орталығы мен ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлеріне жаңа заманауи қызметтік киімдер берілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл өңірдің күрделі климаттық жағдайларында қызметтік міндеттерді орындау кезінде жоғары деңгейдегі жайлылықты, сенімді қорғанысты және функционалдылықты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне жаңа жоғары өтімді көлік берілді. Арнайы техниканың кілтін ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов табыстап, жаңа көлік азаматтарды құтқару кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, оқиға орнына жету уақытын қысқартатынын атап өтті.

– Бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыруға және қызмет өткеру үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Бұл – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жолындағы маңызды қадам, – деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде.