
«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, жылы ауа райына байланысты 1–3 сәуір аралығында өңірде қардың қарқынды еруі мен өзендерде мұздың әлсіреуі жалғасады.
Өзен арналарында мұз кептелісі пайда болуы мүмкін, еріген және беткейлік ағын қалыптасып, су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
ШҚО ТЖД азаматтарға арықтар мен су арналарын тазалауды ұсынады. Бұл еріген сулардың салдарынан болатын су басу қаупін азайтады. Сондай-ақ үй аумағын бекіту үшін қажетті материалдарды (қап, топырақ, құм, саз) алдын ала дайындау қажет. Егер баспана су басу қаупі бар аймақта орналасса, азық-түлік қорын жертөле мен қоймалардан су жетпейтін қауіпсіз жерге көшіру керек.
– Ауа райы және гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды бақылап отырыңыздар. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыздар, – деп ескертеді ШҚО ТЖД.