
Самар ауданында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға спикер ретінде ШҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Бекқожина, ШҚО әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Елена Карпова, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сырым Үмітқазы сөз сөйледі.
Кездесу барысында олар практикалық кейстерді ұсынып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары туралы баяндады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жиын соңында Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау – қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімінің негізі әрі мемлекеттік органдардың тиімді жұмысының маңызды шарты екенін атап өтті.