Үлескерлердің назарына: тұрғын үй сатып алу кезінде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады

Үлескерлердің назарына: тұрғын үй сатып алу кезінде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес, үлескерлердің қаражатын тартуға ТЕК келесі жағдайларда ғана жол беріледі:  ЖАО рұқсаты (жергілікті атқарушы орган); «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі;  Екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) жобаға қатысуы.

Тәжірибе көрсеткендей, кейбір құрылыс салушылар заң талаптарын бұзып, азаматтардың қаражатын заңсыз тартады.

Бұл келесідей салдарға әкелуі мүмкін: алданған үлескерлердің пайда болуы, аяқталмаған құрылыс нысандары,  қоғамдық резонанс.

Рұқсат құжаттарынсыз жасалған брондау шарттары — ЗАҢСЫЗ!

СЕНІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІ: «Asyltas» ТК — ЕДБ қатысуы, «Orda» ТК — ЖАО рұқсаты,  «ASYLYM» ТК — «ҚТК» АҚ кепілдігі, «Золотой квадрат» ТК — «ҚТК» АҚ кепілдігі, «Tumar Towers Oskemen» ТК — ЖАО рұқсаты, «Айналайын» ТК — ЖАО рұқсаты, «Belgravia» ТК — ЖАО рұқсаты,  «BS Holding Easton» ТК — ЖАО рұқсаты.

 ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

 elicense.kz — БСН арқылы тексеру, front.homeportal.kz — нысандар туралы ақпарат.

Тұрғын үй сатып алу — маңызды шешім. Өзіңізді қорғау үшін құжаттарды міндетті түрде тексеріңіз!