Шығысқазақстандық спортшы семсерлесуден Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Шығысқазақстандық спортшы семсерлесуден Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Руслан Құрбанов шпагамен семсерлесуден Әлем кубогында екінші орынға ие болып, күміс медаль жеңіп алды.

«Шығысқазақстандық семсерлесуші әлемнің 277 үздік спортшысы қатысқан тартысты бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін біз оның Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогындағы жеңісінің куәсі болған едік. Спортшымыз осы қарқыннан таймасын!», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында қазақстандық спортшылар командалық жарыс бойынша жүлде алу үшін жарыс жолына шығады.