ШҚО-да «Тақиялы періште» спектаклінің премьерасы өтті

ШҚО-да «Тақиялы періште» спектаклінің премьерасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында «Тақиялы періште» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылым классикалық туындының жаңаша интерпретациясын ұсынып, патша көңіл көрерменнің жоғары бағасын алды. Премьераны тамашалауға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов та келді.

Е. Темірбеков пен А. Гладилина шығармасы негізінде сахналанған спектакль - уақыт сынынан өткен, ұлттық бояуы қанық, адамгершілік құндылықтарды арқау еткен туынды. Онда махаббат, отбасы, дәстүр сабақтастығы мен адам жанының тереңдігі нәзік юмормен және шынайы сезіммен шебер жеткізілген.

Жаңа сахналық нұсқа классикалық туындының рухын сақтай отырып, заманауи көркемдік шешімдермен толыққан. Спектакльге театрдың солистері, хоры, оркестрі және балеті қатысып, музыка, вокал, би мен актерлік шеберлікті үйлестіре білді.