ШҚО полицейлері Мароккодан келген туристке көмектесті

ШҚО полицейлері Мароккодан келген туристке көмектесті

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған шетелдік велосаяхатшыға көмек көрсетті.

– Марокко азаматы Адиль Бумлик облыс арқылы велосипедпен сапар жолға шығып, Өскеменнен Самар ауданына жетті. Алайда Өмеш асуында велосипеді бұзылып қалған. Саяхатшыға бірінші болып полиция қызметкерлері көмекке келді. Олар жағдайды бағамдап, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, велосипедті жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, оны қалпына келтіруге жеке көмектесті, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында келесі күні-ақ турист сапарын жалғастырды.

Қазір Адиль Бумлик Катонқарағай және Алтай аудандарына қарай бет алды. Оның Қазақстандағы саяхаты шамамен бір айға созылады деп жоспарлануда.