
Қазіргі су тасқыны жағдайын бағалау мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтарына әуеден барлау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша облыс аумағының шамамен 85%-ын қар жамылғысы алып жатқаны анықталды. Төменгі және оңтүстік аудандарда қар жоқ, оның негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған.
Әуеден шолу барысында Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасының бөгеті тексерілді. Төтенше жағдайдың туындау қаупі жоқ. Сонымен қатар Қандысу су қоймасы да тексерілді. Қазір нысан транзиттік режимде жұмыс істейді, су жинақтау жүргізілмейді.
Дереккөз: ШҚО ТЖД