
Шығыс Қазақстан облысында көлік иелеріне маңызды ескерту жасалды — 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады.
Өңірде көлік саны артып келеді: соңғы деректер бойынша 260 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Соған сәйкес салық түсімдері де өсуде — биыл есептелген сома 5 трлн теңгеден асты.
Алайда бәрі бірдей уақытында төлемейді. Қазірдің өзінде облыста 6 900-ден астам адам 385 млн теңгеге жуық қарыз болып отыр.
Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері салықты кешіктірген жағдайда айыппұл мен өсімпұл қосылатынын ескертеді. Ал берешек ұзақ уақыт өтелмесе, іс жеке сот орындаушыларына жіберіліп, шоттар бұғатталып, мүлікке тыйым салынуы мүмкін. Тіпті елден шығуға немесе көлік жүргізуге шектеу қойылады.
Сонымен қатар жақсы жаңалық та бар. 2026 жылдан бастап:
Салықты e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk қосымшалары арқылы оңай төлеуге болады.
Мамандардың кеңесі - соңғы күнді күтпей, қарыздан құтылыңыз.
Дереккөз: ШҚО ӨКҚ