Алтай ауданында әскери қызметшілер су тасқынының алдын алу мақсатында каналдарды тазалады

Алтай ауданында әскери қызметшілер су тасқынының алдын алу мақсатында каналдарды тазалады

Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының жеке құрамы Алтай ауданы аумағында су тасқынының алдын алу бойынша алдын алу шараларын жүргізуде.

Әскери қызметшілер республикалық тасжол бойында орналасқан канал мен Соловьёво ауылындағы Набережная көшесі бойындағы каналды тазалады.

Сонымен қатар Маяк ауылындағы Центральная көшесінде орналасқан су өткізу құрылыстары да тазартылды.

Аталған жұмыстар су басу қаупінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.