
Бүгін Өскеменде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» акциясы мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Жамбыл Жабаев атындағы саябақта сенбілік өтті.
Экологиялық акцияға 300 адам қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, қоғам өкілдері, еріктілер мен жастар. Сондай-ақ облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та атсалысты.
Саябақ аумағы қардан, мұздан және қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының жұмысшылары Жамбыл Жабаев ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, мұндай абаттандыру және тазалық шаралары өңірде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Тек Өскеменде ғана емес, облыстың барлық қала және ауданында жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта да мұндай экологиялық акциялар жалғасын табады.