
Облыс орталығында 22 наурыз күні Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады.
Республика алаңында өтетін мерекелік бағдарламада концерт, көрмелер, жәрмеңкелер, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, мерекелік сауда-саттық, фото аймақтар және тағы басқалары бар.
22 наурыз күні сағат 13:00-де Достық үйінде өтетін спорттық жарыстар, ұлттық ойындар мен түрлі байқаулар қонақтарға ерекше қызық пен жарқын әсер сыйлайды. Қонақтарға гир көтеру, штангамен отырып-тұру секілді күш сынасатын сайыстарға қатысу мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, ер азаматтар «Өскемен батырлары» атты жарыста өз бақтарын сынайды. Бұл дода бірнеше кезеңнен тұрады: автокөлік тарту, грифті ұстап тұру және арқан тарту.
Баурсақ дайындау бойынша шеберлік сабағы мен оларды жеуден өтетін көңілді байқау да көптің қызығушылығын тудырады. Мұнда әрбір қатысушы ұлттық тағамнан дәм татып қана қоймай, мерекенің бір бөлшегіне айнала алады.