
22 наурыз күні Өскемен қаласының Республика алаңында ауқымды мәдени іс-шара өтеді. Наурыз мерекесі аясында 3 000-нан астам домбырашының қатысуымен әйгілі «Ақбұлақ» халық әнін жаппай орындау жоспарлануда.
Ауқымды музыкалық флешмоб кәсіби күйшілерді, студенттерді, мектеп оқушыларын және ұлттық өнерді қадірлейтін әуесқойларды бір арнаға тоғыстырады. Әннің бір мезетте орындалуы – ұрпақ сабақтастығының, бірліктің және ұлттық мұраға деген құрметтің айқын көрінісі болмақ.
Іс-шара домбырада әнді ең көп адаммен бір мезетте орындау бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге бағытталған.
Бұл айтулы оқиға Наурызнама онкүндігінің ең жарқын сәттерінің біріне айналып, тек еліміздің ғана емес, халықаралық қауымдастықтың да назарын аударады деп күтілуде.
Күні: 22 наурыз, сағат 10-00.