Өскеменде ұлттық киімдер көрсетілімі өтеді

Өскеменде ұлттық киімдер көрсетілімі өтеді

18 наурыз күні сағат 18:00-де Maxi Mall сауда орталығында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты жарқын іс-шара - ұлттық киімдер көрсетілімі өтеді.

Кеш бағдарламасында: қаламыздың талантты шеберлері мен брендтерінен ұлттық стильдегі киімдер және әшекей бұйымдардың көрсетілімі; ұлттық мәдениет, дәстүрге арналған бұйымдар және әшекейлер көрмесі; концерттік бағдарлама; қала тұрғындары арасында «Ең үздік ұлттық образ» байқауы.

Байқау номинациялары: «Ең дәстүрлі образ», «Ең креативті образ», «Отбасылық образ», «Ең үздік балалар костюмі».

Қатысушылар және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар, жүлделер күтеді.