
17 наурызда Дүниежүізілік әлеуметтік жұмыс күні атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты – көмек пен қолдауды қажет ететін әлеуметтік топ өкілдерінің лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету.
Тарбағатай ауданында жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен «Жақсылық жасап жарысайық!» қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 35 тонна көмір түсіріліп, 20 азық-түлік себеті таратылды.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, жанашыр жерлестер шынайы қолдау мен өзара көмектің нағыз үлгісін көрсетті.
Көмек алған аудан тұрғындары қамқорлық танытып, қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға зор алғыс білдірді.