ШҚО-дағы сайлау учаскелерінде референдумға дайындық жұмыстары аяқталуда

ШҚО-дағы сайлау учаскелерінде референдумға дайындық жұмыстары аяқталуда

Шығыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінде конституциялық реформа бойынша референдумға дайындықтың соңғы шаралары аяқталып жатыр.

Референдум 15 наурыз күні өтеді. Сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Референдумда 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары дауыс бере алады.

Еске сала кетейік, азаматтар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірін, орналасқан жерін және мекенжайын «МО ИРБП» платформасындағы «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» сервисі арқылы анықтай алады. Сонымен қатар «электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері туралы мәліметтерді тексеру сервисі де бар.

«Электрондық үкімет» порталында тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған және бұрын сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азаматтар үшін сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша уақытша тіркелу сервисі қолжетімді. Ал дауыс беру күні олар үшін сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тікелей уақытша тіркелу мүмкіндігі қарастырылған.