
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 1 наурызда салық салу режимдерін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды. Кәсіпкерлер жаңартылған салық заңнамасы аясында алдағы қызметін жүргізу форматын түпкілікті айқындады.
2026 жылдың басынан бастап 1 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 34 мыңнан астам салық төлеуші оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін таңдады. Бұл режим шағын және орта бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болып қала беруде.
Аталған режим жылдық табысы 600 000 АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге) болатын кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Оның негізгі артықшылықтары мыналар:
Бұл шарттар бизнесті жүргізуді қарапайым әрі болжамды етеді.
Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимі қолданылады. Оны келесі талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғалар пайдалана алады:
Аталған режимнің негізгі артықшылықтары:
2026 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша облыс бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін 7192 адам таңдады. Бұл режим азаматтарға қызметін ресми түрде жүргізуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, 2026 жылғы 28 ақпанға дейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін түрлі арнайы салық режимдерін қолданған салық төлеушілердің 90%-дан астамы өз таңдауын жасады:
Өтпелі кезеңнің аяқталуы салық төлеушілердің неғұрлым ашық және өзекті құрылымын қалыптастыруға, сондай-ақ салық жүйесін бизнес пен азаматтар үшін түсінікті әрі қолайлы етуге мүмкіндік берді.