Риддерде биатлоннан жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат басталды

Риддерде биатлоннан жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат басталды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі базасында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік жас биатлоншылар додада бақ сынап, жүлделі орындар үшін күресуге және өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетуге жиналды.

Ертең чемпионаттың алғашқы жарыс бағдарламасы - жеке жарыс өтеді. Бұл сында жас спортшылар өздерінің жылдамдығын, дәлдігін және төзімділігін паш етпек.