
13–23 наурыз аралығында Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне орай республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Акция аясында сауда желілерінде азық-түлік және тұрмыстық тауарларға жеңілдіктер ұсынылады, сондай-ақ сауда орталықтарында мерекелік фотозоналар ұйымдастырылады.
Шығыс Қазақстан облысында акция Өскемен қаласындағы бірқатар сауда орындарында өтеді. Олардың қатарында:
* «City Center» СОО
* «45 гастроном» СҮ
* «Family Market Самал» СОО
* «Magnum» СОО
* «Алтай маркет» СҮ (Жібек жолы көшесі, 1)
* «Алма стор» СД
* «Колос» СҮ
* «Волна» СҮ
* «Фараон» СҮ
* «ТНП» СОО
* «Император» СҮ
Сонымен қатар 13–20 наурыз аралығында сауда нысандарын цифрлық безендіру мен инновациялық шешімдерді дамытуға бағытталған «Sauda in Digital Nauryz» республикалық байқауы өтеді. Байқау қорытындысы 20 наурызда шығарылады.