Зайсан ауданында тұрғындар экологиялық акциялар өткізіп, аумақты қоқыстан тазартты

Зайсан ауданында тұрғындар экологиялық акциялар өткізіп, аумақты қоқыстан тазартты

Республикалық референдум мен Наурыз мерекесінің қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Зайсан ауданының тұрғындары елді мекендердің аумағын қоқыстан тазалау бойынша экологиялық акциялар өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция туған өлкені таза ұстауға үлес қана емес, жаңа Конституцияны қолдаудың символы, көктемгі Наурыз мерекесіне дайындықтың бір бөлігі болды.

Экологиялық акция аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.