Риддерде биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтеді

Риддерде биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтеді

11–18 наурыз аралығында «Риддер қаласындағы ОРМБЖСМИ» КММ базасында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Аталған жарысқа елдің ең мықты жас спортшылары қатысып, түрлі дисциплиналар бойынша 16 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Чемпионатқа Қазақстанның 11 өңірінен 98 спортшы қатысады. Қатысушылар қатарында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының және еліміздің басқа да өңірлерінің өкілдері бар.

Жарыс бағдарламасы келесідей: 13 наурыз – жеке жарыс (7,5–12,5 шақырым); 14–15 наурыз – қыздар мен ұлдар арасындағы спринт; 16 наурыз –пасьют; 17 наурыз – эстафеталық жарыстар (3×4,5 шақырым, 3×6 шақырым, 3×7,5 шақырым).

Чемпионаттың салтанатты ашылуы 12 наурыз күні сағат 10:00-де, ал ресми жабылу рәсімі 18 наурызда өтеді.