
Мұндай демалысты ұнататындар үшін дәстүрлі орындардың бірі - Сібе көлдері. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлан ауданындағы әйгілі көлдің мұз айдынында «Мұз үстіндегі Көктемгі FEST» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Коньки тепкен балалар мен ересектер, дәмді кәуап, отынмен қайнаған самаурын, атпен серуен, ырғақты музыка… Ешкім де бейжай қалмады, ал демалыс ерекше әрі көңілді өтті. Көктем келгенімен ауа райы әлі қыстың лебін сездіріп тұр.