Мемлекет басшысы ШҚО-дағы «Зыряночка» би ансамблінің жетекшісін «Құрмет» орденімен наградтады

Мемлекет басшысы ШҚО-дағы «Зыряночка» би ансамблінің жетекшісін «Құрмет» орденімен наградтады

6 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында нәзік жандыларды 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Іс-шара барысында Президент елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен жандарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Наградталғандардың қатарында Шығыс Қазақстан облысынан «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің жетекшісі Зоя Жұмағалиқызы Дүзбаева бар. Оған «Құрмет» ордені табысталды.

Бұл жоғары награда оған мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі, көпжылдық жемісті еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін берілді.

«Зыряночка» ансамблі – республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте лауреаты және жеңімпазы.

Фото: www.akorda.kz сайтынан