
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген ШҚО мамандандырылған медициналық орталығына барды.
Мұнда инженерлік желілер, электрмен жабдықтау мен желдету жүйесі жаңарды. Урология бөлімі жөнделіп, емханаға заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды.
«Негізгі мақсатымыз - пациенттер мен медициналық қызметкерлер үшін барынша жайлы жағдай жасау. Облыстың мамандандырылған медициналық орталығына тек өңіріміздің ғана емес, еліміздің әр түкпірінен науқастар келеді. Енді алдағы уақытта орталықтың жертөлесін қалыпқа келтіруіміз керек», - деді аймақ басшысы.
Одан соң Нұрымбет Сақтағанов медициналық мекеме ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады. Оларға Ата заң жобасының қалай әзірленгенін, қандай игі өзгерістер күтілетінін айтып берді. Жиналғандар өз пікірлерін де айтып, ойларымен бөлісті.