ШҚО-да «Шаңғы - 2026» дәстүрлі жарысы өтеді

ШҚО-да «Шаңғы - 2026» дәстүрлі жарысы өтеді

7 наурызда Боровка ауылында дәстүрге айналған «Шаңғы - 2026» жарысы ұйымдастырылады.

Бұл мереке қарсаңындағы демалыс күндерін табиғат аясында өткізуге, күш-қуат жинауға және өз шеберлігін сынап көруге арналған таптырмас мүмкіндік.

«Шаңғы - 2026» – бұл жай ғана жарыс емес, спорт пен денсаулықтың шынайы мерекесі.

Жарыс Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында орналасқан ШҚО Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінің шаңғы базасында  (Заречная көшесі, 117)  өтеді. Басталуы: сағат 10:00.