ШҚО-да дауыс беру үшін сайлау учаскелерін іздеуге арналған сервис іске қосылды

ШҚО-да дауыс беру үшін сайлау учаскелерін іздеуге арналған сервис іске қосылды

15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында жаңа онлайн сервис іске қосылды. Енді тұрғындар өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін ЖСН арқылы оңай тексере алады.

Қызметті бірнеше тәсілмен пайдалануға болады:

– «Электрондық қызметтер орталығы» порталы—https://e-vko.gov.kz/ru/Voters/Index арқылы;

– арнайы Telegram-бот— https://t.me/vote_vko_bot көмегімен;

– Digital East мобильді қосымшасы— https://digitaleast.e-vko.kz/ арқылы.

Сервис тұрғындарға уақыт жоғалтпай, сайлау учаскесін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.