ШҚО-ның негізгі көрсеткіштері: өнеркәсіп, АӨК, сауда, жұмыссыздық деңгейі және инфляция

ШҚО-ның негізгі көрсеткіштері: өнеркәсіп, АӨК, сауда, жұмыссыздық деңгейі және инфляция

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ерназ Нұрланұлы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық статистика бюросы Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәлімдеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар оң өзгерістер тіркелді. Ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда, құрылыс жұмыстары және негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсуі байқалды. 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 трлн. 346 млрд. 770,6 млн. теңгені құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 95% деңгейінде қалыптасты. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 556,4 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102% болды. Мал шаруашылығы 4,4%-ға өссе, өсімдік шаруашылығында аздаған төмендеу тіркелді. Облыс ет өндіру бойынша республикада төртінші, сүт өндіруден бесінші орында.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1 трлн. 402,5 мрд. теңгені құрады және 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда қолданыстағы бағалармен 9,8%, салыстырмалы бағалармен 0,6% артты. Көтерме сауда тауар айналымы салыстырмалы бағалармен 20,9% артты. Жолаушы айналымы 7,1%-ға артқанымен, жүк айналымының төмендеуі байқалды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 112,4% болды.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқы 718,9 мың адамды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда халық саны 5022 адамға азайды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,6% шамасында қалыптасты. Жалпы алғанда, жекелеген салаларда өсім тіркелгенімен, кейбір бағыттарда төмендеу байқалады.

Дегенмен өңір экономикасы тұрақты даму үрдісін сақтап отыр.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ