ШҚО-да республикалық референдумды дайындау және өткізу бойынша оқыту семинарлары өтті

ШҚО-да республикалық референдумды дайындау және өткізу бойынша оқыту семинарлары өтті

23–27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық референдум комиссиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалымен бірлесіп оқыту семинарларын ұйымдастырды.

Іс-шаралар облыс қалалары мен аудандарындағы учаскелік референдум комиссияларының мүшелеріне республикалық референдумды дайындау мен өткізу тәртібін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.