ШҚО-да Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр

ШҚО-да Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр

Бірнеше онжылдық бойы әлемнің барлық мемлекетінде 1 наурыз күні дәстүрге айналған Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Бұл мерекенің бастау алуы Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының (АҚХҰ) құрылуымен байланысты. Біздің еліміз 1997 жылы АҚХҰ құрамына кірді. Жыл сайын Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні халықты қорғау міндеттерімен байланысты әртүрлі ұрандармен өтеді. Биылғы жылдың ұраны – «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару».

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жыл сайын дәстүрлі түрде түрлі іс-шаралар, байқаулар, ашық есік күндері өткізіледі. Бұл шараларда азаматтардың қауіпсіздік мәселелеріне назарын аудару мақсатында күштер мен құралдар көрсетіледі.

Қатысушылар апаттық-құтқару құралдарымен, зардап шеккендерді іздеуге арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, арнайы қорғаныс киімдерімен, жарақтармен және төтенше қызметтердің заманауи автопаркімен таныса алады. Сондай-ақ газтұмылдырық түрлері туралы мәлімет алып, түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін үйрене алады.

Облыстың түрлі нысандары мен ұйымдарында сейсмикалық жаттығулар, оқу-жаттығулар өткізіліп, нұсқамалар жүргізіледі.

Әрбір азаматтың және оның мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеті. Алайда азаматтық қорғау шараларын орындау Қазақстан азаматтарының да міндеті екенін ұмытпау қажет.

Дереккөз: ШҚО ТЖД