
Алғыс айту күніне орай Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Instagram желісіндегі жеке.
ШҚО әкімі облыста түрлі этнос өкілдері, әртүрлі мамандық пен еңбек саласының адамдары тұратынын атап өтті. Баршамызды еліміз бен өңіріміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ортақ ұмтылыс біріктіретінін жеткізді.
«Әрқайсыларыңызға еңбектеріңіз, ізгі амалдарыңыз және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Ортақ үйімізде әрдайым бейбітшілік пен жылылық орнасын! Өзара құрмет пен келісімді бірге сақтайық. Алғыс айту күні құтты болсын!» – деп жазды Нұрымбет Сақтағанов.